04.08.2021, 14:15
Саясат
«ҚХР құрамына қосылса, Қазақстанның сыртқы қарызы жабылады». Қытай елшісінің мәлімдеме жасағаны рас па?
Жазбаның дереккөзі - сатиралық аккаунт
Қытай елшісі Чжан Сяо, фото: kt.kz
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның еліміз ҚХР құрамына кірген жағдайда, оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендігі жайлы мәлімдегені туралы хабарлама таратылуда.
Stopfake порталының хабарлауынша, бұл жалған ақпарат. Жазбаның дереккөзі - Instagram желісіндегі qazinform24 аккаунты.
«Бұл салмақты жаңалық жарияламайтын сатиралық парақша. Бұл парақшада сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жарияланады делінген. Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған», - делінген.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды