$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2019, 15:22
Саясат

ҚР Президенті бірқатар елшілерді тағайындады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды

ҚР Президенті бірқатар елшілерді тағайындады
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомаарт Тоқаев бірқатар елшілерді тағайындады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.