Алматы облысы: Қаратал ауданында тіркелген 5 кандидаттың біреуі әйел
Бақылаушылар ауданда саулау кезінде заңсыздық тіркелмегенін айтты
Алматы облысы Қаратал ауданы бойынша Бастөбе және Жолбарыс батыр ауылдық округтеріне әкімдер бүгін сайланады. Әр округте 3 кандидаттан бар. Олардың бесеуі – ер, біреуі – әйел адам.
Кандидаттардың төртеуі өзін ұсынған, екеуі «Nur Otan» партиясының өкілі.
Бастөбе ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ ауылындағы №551 сайлау учаскесінде 418 сайлаушы тіркелген. Түске дейін 100-і дауыс беріп үлгерген.
«Бүгінгі сайлау науқанында тұрғындардың белсенділігін атап өткен жөн. Барлығы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін негізге ала отырып, өз үміткеріне дауыс беруде. Біз тұрған учаскедегі сайлау әділ, ашық, айқын негізде өтуде. Сайлау барысында ешқандай заңға қайшы әрекеттер анықталған жоқ», - дейді «Nur Otan» партиясының атынан келген бақылаушы Рауза Досмағұлова.
Ауданда 8 сайлау комиссиясы, 48 комиссия мүшесі жұмыс істейді.
Айта кетерлігі, Жылыбұлақ ауылындағы №551 сайлау учаскесінде тіркелген 10 сайлаушы үйден дауыс берген. Қаратал ауданындағы Бастөбе ауылдық округінде – 3486, Жолбарыс батыр ауылдық округінде – 1649 сайлаушы саяси науқанға қатысып, өз әкімдерін таңдамақ.