$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.07.2021, 11:31
Саясат

Нұр-Сұлтан қаласында бәйге түрлерінен «Елбасы кубогы» өтті

Додаға еліміздің барлық өңірінен 150-ге жуық сәйгүлік қатысқан.

Нұр-Сұлтан қаласында бәйге түрлерінен «Елбасы кубогы» өтті
astana.gov.kz

«Қазанат» атшабарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бәйге түрлерінен дәстүрлі «Елбасы кубогы» жарысы өтті деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі.

Шабандоздар бәйгенің мына түрлерінен бақ сынады:

Аламан бәйге – 25 шақырым;

Қостанай тұқымды жылқы бәйге – 23 шақырым;

Кіші аламан (топ) бәйге – 16 шақырым;

Құнан бәйге – 9 шақырым;

Ұшқыр аттар жырысы – 1400 м, 2400 м.

Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.

Бәйге жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Бәйге түрлерінен дәстүрлі Елбасы кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

"Құнан" бәйге бойынша бірінші орынды Бекнұр Жоабек жеңіп алды, екінші және үшінші орындарды Жақсылық Абылайхан мен Елнұр Медетбеков еншіледі.

"Кіші аламан" бәйгеде Жақсылық Серікжан 1-орынды қанжығасына байласа, Байқам Асанқұлов 2-орынды, Хакимбек Қожақов 3-орынды иеленді.

"Қостанай тұқымды" жылқылардың бәйгесінде Матвей Ватисовтың тұлпары өзгелерден оза шапты. 2-орынды Халид Абдырахмановтың, ал 3-орынды Нұрислам Ораздың сәйгүліктері жеңіп алды.

"Аламан" бәйгеде Байқан Асанқұлов бірінші болып келді. Нұраит Нұрбай екінші, Ершат Омарғалиев үшінші орынға жайғасты. Ал төртінші орын Нұрлы Шынтасқа бұйырды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бәйге түрлерінен дәстүрлі «Елбасы кубогы» жарысы санитарлық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып өтті.

Серіктес жаңалықтары