$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 22:25
Саясат

Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды

 
Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.

Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.

Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылары қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз.

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек «Екі мемлекет» формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары