10.05.2021, 21:51
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Кабулда террористік шабуыл салдарынан бейкүнә балалар қаза тапты
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Логар провинциясының Пули-Алам қаласында және ел астанасы Кабулда болған террористік шабуылдардың салдарынан көптеген адамның, әсіресе, бейкүнә балалардың қаза тапқаны туралы ақпартты зор күйзеліспен қабыл алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
"Сіздің еліңіздің және бүкіл халықаралық қауымдастықтың осы жантүршігерлік қылмысты батыл айыптауына қосыламын. Қазақстан осындай қиын-қыстау сәтте ауған халқымен бірге екенін растайды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды