09.12.2019, 19:21
Саясат
63 жасқа толған Тасмағамбетов елшілік қызметінен кетеді - саясаттанушы
Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына байланысты қызметінен кетеді. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында жазды
Фото: e-wiki.org
«Кейбір дереккөздердің мәліметінше Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босап, демалысқа кетеді», - деп хабарлады ол парақшасында.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов бүгін 63-ке, яғни қазақы пайымдағы Пайғамбар жасына толды. Ол Ресейге елші болып 2017 жылдың ақпан айында кеткен. Әр жылдары Премьер-министр, Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс министрі, Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының әкімі, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады