$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 21:17
Саясат

Қазақстан мен Германия экология және қоршаған орта жөніндегі келісімге қол қойды

Құжатқа сәйкес, екі ел мамандары климаттың өзгеру мәселесі бойынша ортақ жұмысын жалғастыра бермек

Қазақстан мен Германия экология және қоршаған орта жөніндегі келісімге қол қойды
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында Берлинде қос елдің экология және қоршаған орта министрліктері арасында ынтымақтастық туралы ортақ меморандумға қол қойылды, деп хабаралйды  Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, екі ел мамандары климаттың өзгеру мәселесі бойынша ортақ жұмысын жалғастыра бермек. Қол қою рәсімінен кейін еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен Германияның қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік бойынша федералдық министрлігінің статс-хатшысы екі жақты кездесу өткізді. Тараптар жаһандық жылынудың әсері және жаңартылатын энергетика саласындағы неміс тәжірибесі секілді мәселелерді талқылады. Қазақстанға Германияның ұлттық саябақтарды басқарудағы озық тәжірибесі де қызықты болып отыр. Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев немістерді еліміздің геологиялық барлау саласына қаржы инвестициялауға шақырды.      

«Меморандумның біз үшін маңызы зор. Өйткені жаһандық жылыну, климаттың өзгеруімен күрес жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша Германия жетекші елдердің бірі саналады. Меморандум аясында неміс тарабы бізге сарапшыларының көмегін ұсынады, қаржы бөледі. Бұл кешенді жұмыс. Оның барысында біз экономиканың барлық тармағын зерттейтін боламыз. Тек осыдан кейін ғана бірнеше жыл бұрын Париж келісіміне қол қою кезінде мойнымызға алған міндеттемелерді орындау үшін не істеуіміз керек деген сұраққа жауап бере аламыз», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары