ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Тоқаев Өзбекстан президентіне ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: 2019 жылдың 15 сәуірі, Ташкент қаласы

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады.

Екі елдің үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.