13.03.2021, 02:51
Саясат
Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты
Кельн қаласында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр
Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды, деп жазады Olympic.kz.
52 келідегі Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы, венгриялық боксшы кездесуге шығудан бас тартты. Осыған орай Бибосынов автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды. Сондай-ақ ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай да бәсекенің бас жүлдесіне таласады.
81 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай мен 91 келідегі Айбек Оралбай германиялық қарсыластарын жеңіп, финалға өтті. Бұл күндізгі сессияның қорытындысы болған.
Кешкі сессияда Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнулинов (63 келі) және Қамшыбек Қоңқабай (+91 келі) шаршы алаңға шығады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді