«Туиттерсіз» Трамп: цензура немесе демократияны қорғау?

Капитолий оқиғасынан кейін Трамптың танымал әлеуметтік желілердегі аккаунты бұғатталды

«Туиттерсіз» Трамп: цензура немесе демократияны қорғау?
Фото: ашық дереккөзден

Дональд Трамп Twitter мен Facebook-тегі аккаунты бұғатталды. Көптеген сарапшы теориялық тұрғыдан Трамп әлі де ядролық соғыс бастауы мүмкін деген пікірде. Бірақ Ақ үй басшысы бұл туралы туит жаза алмайтын болды.

Бұл жағдай АҚШ-та сөз бостандығы мен цензура туралы қызу пікірталас тудырды. Ресейлік және еуропалық саясаткерлер де бұл мәселені қызу талқылап жатыр.

Трамптың әлеуметтік желілерден шеттетілуі саяси ұстанымдарға байланысты реакция туындатады (демократтар жақтайды, республикашылар - қарсы). Ал Еуропа мен Ресейде бірқатар либералды комментатор Twitter-дегі «бұғатты» сынға алды.

Америкалық белсенділер ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желілерде жалған мәлімдемелер таратып, ережелерді бұзғаны үшін Трампқа тыйым салуды талап еткен еді. Алайда технологиялық корпорация басшылары бұған дейін Дональд Трампты жақтап келді: «қоғамдық қызығушылық президентке ерекше қатынасты талап етеді» деді.

Трамп өзінің сәтті жолын әлеуметтік желідегі платформаларымен байланыстырады. Оны өзі талай рет айтты.

«Мен туиттерсіз мұнда (билікте) болмас едім», - деді ол 2017 жылы Financial Times газетіне берген сұхбатында.

Бірақ 6 қаңтардағы Капитолий шабуылы корпорация басшылары шыдамының шегіне жетті: АҚШ президентінің әлеуметтік желілерге пост жазуы бес адамның қазасына себеп болды. Ол зорлық-зомбылық қаупін тудырады деген шешім шығарды.

Трамп бұны сылтау деді: «Іс жүзінде әлеуметтік желілер солшыл радикалдар мен оның демократиялық қарсыластарының қолында және олар патриоттардың аузын жапқысы келеді» деген пікір айтты.

Twitter президенттен басқа қастандық теорияларын тарататын бірқатар қолданушыларға тыйым салды. Соның ішінде Трамптың сайлауалды штабының өкілдері, оның заңгерлері мен жақтастарының аккаунттары бар.

Еске салайық, Марк Цукерберг осыдан бірнеше күн бұрын Дональд Трамптың Facebook-ті пайдалануына тыйым салды. Оған дейін Twitter компаниясы да АҚШ басшысын туит салудан шеттеткен еді.

«Би-би-си» сайтынан аударған Сымбат Ғалымжанқызы

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.