12.01.2021, 10:17
Саясат
ОСК сайлаудың ақырғы қорытындысын жариялады
Мәжіліске сайлаушылардың ең көп даусын жинаған үш партия өтті
көрнекі фото
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялады.
ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның мәлімдеуінше, Мәжіліске сайлаушылардың ең көп даусын жинаған үш партия өткен.
- «Nur Otan» партиясы - 71,09 пайыз;
- «Ақ жол» партиясы - 10,95 пайыз;
- «Қазақстанның Халық партиясы» - 9,10 пайыз;
- «Ауыл» партиясы - 5,29 пайыз;
- «ADAL» партиясы - 3,57 пайыз.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды:
- Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
- Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
- Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
- Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
- Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
- Вакиль Набиев - күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
- Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
- Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
- Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.
Көп оқылған
18.05.2026, 15:28
«Далаға тастап кетпейсің ғой?»: Маңғыстау облысындағы үш жасар зағип баланың видеосы шетелдіктерді жылатты (ВИДЕО)
18.05.2026, 10:33
«Көсе Гөкер мырза, уақыт жетті!»: Нәлібаев Алматы әуежайының құрылысын сынап, жаңа басшысына шілдеге дейін ғана уақыт берді
18.05.2026, 10:47
«Оны алаяқтар қасақана өлтірді»: Астанада атақты жазушының немересі жұмбақ жағдайға көз жұмған – іс неге алға баспай отыр
18.05.2026, 17:47
ҚТЖ-ның кезекті былығы әшкере болды: прокуратура лауазымды қызметкерлерін жазалады
18.05.2026, 17:14
Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» қашан кететіні белгілі болды