$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 12:29
Саясат

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысында бұқаралық спортты дамытуға көмектеседі

Партиялықтар спорт нысандарын салу бойынша алдағы бес жылдық жоспарларын атап өтті

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысында бұқаралық спортты дамытуға көмектеседі

«ERG Service» ЖШС жұмыскерлерімен өткен онлайн-әңгіме барысында Nur Otan партиясы атынан Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Олег Крук өңірде қандай спорт түрлерін дамыту қажеттігін атап өтті. Ол триатлон, шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру секілді спорт түрлерінің болашағы бар екенін айтты.

Партиялықтардың айтуынша, алдағы бес жылда ұлт денсаулығын нығайту, халықты жаппай спортпен шұғылдануға тарту мәселесіне ерекше мән беріледі.

«Өңірімізде бірнеше спорт нысаны бой көтерді. Мәселен, Павлодардың 11 мектебінде балалар үшін стадиондар салынды», - дейді тағы бір кандидат Аурика Дяк.

«Nur Otan» партиясы спорт инфрақұрылымын Павлодардағы шаңғы-роллер трассасы, 1000 орындық жеңіл атлетика манежі, 1000 орындық жекпе-жек сарайы, Екібастұз бен Ақсуда екі мұз сарайы, Ақсу, Қалқаман, Евгеньевка, Қызылжар, Еңбек, Пограничник, Жамбыл және Заря толық көлемді футбол алаңдарын салу арқылы дамытпақ. 15 дене шынықтыру кешенін салу да жоспарда бар. Нәтижесінде спортпен айналысатын халықтың үлесі 33 пайызға жетеді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нағашбек Әубәкіровтің көмекшісі Сергей Шипилов «Nur Otan» партиясының экономикалық даму және Павлодар облысы халқының әл-ауқатын көтеруге бағытталған іс-шараларымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Серіктес жаңалықтары