Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Сауда және ынтымақтастық туралы келісімді құптайды

Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 24 желтоқсанда Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания қол жеткізген Сауда және ынтымақтастық туралы келісімін құптайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Екі тарап – Қазақстанның ірі және маңызды серіктестері. Біз аталған уағдаластықтар Брюссель және Лондонмен қарым-қатынастарымызды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп пайымдаймыз.

Біз 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген Еуропалық Одақпен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімімізді жоғары бағалаймыз және 2021 жылы Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа екіжақты келісімге қол қоюды көздейміз», - делінген хабарламада.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.