29.12.2020, 01:46
Саясат
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Қорғаныс министрін қабылдады
Нұрлан Ермекбаев Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелеріне қатысты шаралар туралы баяндады
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында жарияланды.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.
Сонымен бірге Қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:00
Жабал Ерғалиев: Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, күнделікті қарапайым істерден басталады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды