«Nur Otan»: ауылға интернет тартып, аурухана ғимараты жөнделеді
Жамбыл ауданында партиялықтар халықпен кездесті
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылында аудандық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткерлер «Есіктен-есікке» акциясы аясында жергілікті халықпен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Кездесуде үміткерлер Бегалы Ералиев, Дәурен Ахметжаев алдағы 10 қаңтарда елімізде Мәжіліс және мәслихаттардың сайлауына белсене қатысуға және дұрыс таңдау жасауға шақырды. Осы орайда олар бүгінге дейін нақты істер партиясы екенін дәлелдеген «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беруді мақсат тұтқан партияның игі істерін сөз еткен кандидаттар жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін де назарға алды.
Жүздесуде тұрғындар ауылдағы интернет жылдамдығының төмендігін айтып, дәрігерлік амбулаторияның ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуді сұрады. Бұл мәселеге жауап берген кандидаттар бағдарламада 2025 жылға дейін ауылдықтар кең жолақты интернет желісіне қол жеткізетінін және оған қоса ескірген ғимараттар толық жөндеуден өткізілетінін айтты.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді