ЕО басшылары Түркияға қарсы санкциялар енгізді
Түркия Шығыс Жерорта теңізіндегі заңсыз әрекеттері үшін айыпталды
ЕО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары Кипрдың аумақтық суларындағы қызметі үшін Түркияға қарсы санкцияларды кеңейту туралы уағдаласты. Бұл жөнінде Брюссельде өтіп жатқан ЕО саммитіне қатысушылардың мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
«ЕО басшылары кеңеске Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде заңсыз бұрғылауына байланысты шектеу шараларына қатысты 2019 жылғы 11 қарашадағы шешім негізінде қосымша тізімдерді келісуді тапсырды», - делінген құжатта.
ЕО өз мүдделері мен мүше мемлекеттердің мүдделерін қорғауды жалғастырады.
Еске салайық, өткен айда ЕО жеке санкцияларды 2021 жылдың 12 қарашасына дейін ұзартты. Заңсыз бұрғылау үшін санкциялар тізіміне қазір Түркияның екі азаматы кіреді. Олар, ЕО пікірінше, Кипр тарапынан рұқсат болмаған Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі пайдалы қазбаларды өндірген. Бұл санкциялар аталған адамдардың ЕО аумағына кіруіне және активтерін тоқтатуға тыйым салуды көздейді.
Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель еуропалық саммит қарсаңында Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі іс-әрекеттерінде оң динамиканың жоқтығын атап өтті.