Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады
Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 15:00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады. Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектілері талқыланбақ», - деп хабарланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.