$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 15:19
Саясат

«Құпия келісім»: ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттан босатты

Қазақстандық кәсіпкер БТА банкімен келіссөзге қол қойды 

«Құпия келісім»: ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттан босатты
Фото: ашық дерек көздерден

Ағылшын сотының Болат Өтемұратов активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы бұйрығы алынып тасталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі «Верный Капитал» компаниялар тобына сілтеме жасап хабарлайды.

«Болат Өтемұратов пен БТА банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өзінің талап арызын қайтарып алуға міндеттелді. Осы келісім бойынша ағылшын сотының Болат Өтемұратовтың активтеріне шектеу шараларын қолдану туралы бұйрығы алынып тасталды», - делінген ақпаратта.

БТА банкінің Болат Өтемұратовқа және онымен байланысты тұлғалар мен компанияларға қарсы талап арызын реттеуге негіз болған – құжаттарды ұсыну туралы уағдаластық. Бұл құжаттар Болат Өтемұратовтың және онымен байланысты тұлғалар мен компаниялардың Мұхтар Әблязовқа, сонымен қоса, оның сыбайластары және байланысты тұлғалар мен БТА банкінің компаниялары шығарған ақша қаражатын жылыстату туралы іске қатысы жоқтығын растауы тиіс. 

«Маңызды құжаттардың бір бөлігі аталған келісімге қол қойылғанға дейін ұсынылды. Тараптар сондай-ақ БТА банкінің өз ақшалай қаражатын қайтару жөніндегі шараларды іске асыруда пайдалы болуы мүмкін кез келген деректермен алмасу мәселесі бойынша ынтымақтасуға уағдаласты», - дейді «Верный Капитал». 

Естеріңізге сала кетейік, «БТА Банкі» АҚ талап арызы 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновқа жолданған. Одан кейін бұл іс бойынша жауап берушілер тізімінің кеңеюіне сәйкес, оның құрамына Болат Өтемұратов және оның бизнес құрылымына кіретін бірқатар адамдар 2020 жылдың қарашасында тізімге енгізілді.

Болат Өтемұратов – Forbes тізіміне енген қазақстандық кәсіпкер, Қазақстан теннис федерациясының президенті және қоғам қайраткері.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары