Шымкент тумасы Грекия парламентінің ең жас мүшесі атанды
Мария Апатзиди қазақ-грек ынтымақтастығын жандандырмақ
Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей Волковтың грек парламентінің мүшесі Мария Апатзидимен кездесті. Ол Шымкентте дүниеге келген және Грекия парламентінің ең жас мүшесі деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Волков пен Апатзиди екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Апатзиди қазақ-грек ынтымақтастығын, соның ішінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады.
«Депутат Қазақстанның тумасы болғандықтан, соңғы жылдары өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған этникалық гректер тарапынан қазіргі Қазақстанға деген қызығушылықтың өскенін атап өтті», - делінген ҚР СІМ таратқан ақпаратта.
Кездесуде өзара туристік алмасуды айтарлықтай кеңейту әлеуеті де сөз болды.