$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.11.2020, 04:31
Саясат

Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол жобалар іске асырылып жатыр – Президент

Бұл туралы Тоқаев Twitter-де жазды

Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол жобалар іске асырылып жатыр – Президент
Фото: akorda.kz

Пандемияға қарамастан, Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қарағанды облысына жұмыс сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА мен «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауыты секілді бірқатар нысанды аралап көрдім. Пандемияға қарамастан өңірде экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев Қарағандыдағы үлкен тенниспен және үстел теннисімен айналысатын жаңа орталықтардың жұмысымен танысты.

«Бұл нысандардың кәсіби спортшыларға ғана емес, қарапайым халыққа, әсіресе жастарға арналғаны қуантады. Бұқаралық спорт – қазақстандықтардың денсаулығын нығайтудың кепілі», - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қара металлургияның көшбасшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына барды.

«Осы Қазақстан Магниткасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын бастаған. Металлургтар өз кәсіпорны мен еліміздің болашағына зор сеніммен қарайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары