ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековты құттықтады

Мемлекет басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Президентітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас Қырғызстан халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгіме кезінде Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің 5-отырысына дайындық барысы қарастырылды.