Мемлекет басшысы: 2021 жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Президент қазіргі кезеңнің көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт емес екенін айтты

Мемлекет басшысы: 2021 жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл туралы ол Твиттер-парақшасында хабарлады. 

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешімімді айттым. Бұл өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Отырыс аясында Президент ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай пікір білдіріп, қазіргі кезең осы маңызды тарихи күнге орай көптеген салтанатты шара өткізетін уақыт емес екенін айтты.

«Біз маңызды істерді ұзаққа созбай, қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек», - деді Президент.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.