Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылын атап өту не бергенін айтты

Ол Twitter-де жазба жариялады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылы бізге не бергенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.

«Семейге жұмыс сапарымның аясында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» атты ескерткіштің ашылуына қатыстым. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени қорық-мұражайын аралап көрдім. Абай жылы ұлтымыздың рухани реформаторының мұрасын қайта зерделеуге керемет мүмкіндік берді» деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Сонымен қатар ол Абайдың сирек кітаптар қорының көрмесін аралап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көргенін, Абайтанушы ғалымдармен кездесуде ұлы ақынның шығармаларын зерттеп, таныту мәселелерін талқылағанын жазды. Ол әлемдік деңгейдегі ғұламаның еңбектері адамзаттың рухани азығына айналуға тиіс екенін атап өтті.