$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.10.2020, 13:45
Саясат

Армения Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін қалайды

Алдағы күндері ЕҚЫҰ тең төрағалары ұйымдастырған Женева және Мәскеу келіссөздері Қарабақтың тағдырын шешеді

Армения Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін қалайды
Фото: ашық дереккөзден

Армения премьер-министрі Никол Пашинян TV5MONDE-ге берген сұхбатында Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін Ереван қолдайтынын және бұл ретте Франциядан көмек күтетіндерін айтқан. 

Сонымен бірге, бұл сұхбатта армян үкіметінің басшысы француз лидері Эммануэль Макронның Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты шешудегі рөлін жоғары бағалады.
Пашинянның айтуынша, Макрон және өзге әлемдік державалардың басшылары Таулы Қарабақ төңірегіндегі мәселелерді тек тәуелсіздік беру арқылы ғана шеше алады. Бұдан басқа нұсқа жоқ деп санайды Пашинян. 

Премьер-министр Қарабақ қақтығысы аймағындағы жағдай үлкен гуманитарлық апатқа айналуы мүмкін деген пікірде, бұл өз кезегінде террористік толқынмен көрші аймақтарға таралуы мүмкін.

«Түркия саясатын ескеретін болсақ, бұл жаһандық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Менің күтетінім – Францияның Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындауы», - деді Пашинян.

Бұған дейін Azattyq Rýhy хабарлағандай, осы айда үш елдің президенттері мен сыртқы істер министрлері — ЕҚЫҰ-ның Минск тобының тең төрағалары — Ресей, Франция және АҚШ жекелеген мәлімдемелермен Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс тараптарын дереу және сөзсіз атысты тоқтатуға, сондай-ақ келіссөздерді ешқандай шартсыз қайта бастауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары