Қырғызстанның премьер-министрі лауазымына Өмірбек Бабановтың кандидатурасын ұсынды
Вице-премьерлікке Тілек Тоқтоғазиевтың кандидатурасын ұсынды
Қырғызстанның төрт партиясы премьер-министр қызметіне Өмірбек Бабановтың, ал вице-премьерлікке Тілек Тоқтоғазиевтың кандидатурасын ұсынды. «Республика», «Ата Мекен», «Бір Бол» және «Реформа» партиялары «Ақырғы Үміт» меморандумына қол қойды. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлайды.
«Біз елде тұрақсыздық бар екенін көріп отырмыз, не болып жатқаны белгісіз, сондықтан біз ресми түрде біріктік. Партия көшбасшылары меморандумға қол қойды», - деп атап өтті Тілек Тоқтоғазиев.
Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ел үкіметі пен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкасы туралы жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Қырғызстанда өткен президент сайлауында Өмірбек Бабанов дауыс саны бойынша екінші орын алып, кейін Қырғызстаннан кетіп, саясаттан алыстайтынын мәлімдеді. Кейін Бабановтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды: ол арандатушылық мәлімдемелер жасады және билікті күшпен басып алуға дайындық және жаппай тәртіпсіздіктер жасады деп айыпталды.
2020 жылдың 9 тамызында Бабанов Қырғызстанға қайта оралды.