$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2020, 11:13
Саясат

Ресейде Тихановскаяға іздеу жарияланды

ІІМ Тихановскаяға қандай бап бойынша іздеу жарияланғанын нақтылаған жоқ

Ресейде Тихановскаяға іздеу жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь Президенттігіне үміткер болған Светлана Тихановскаяға Ресей аумағында мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы euronews.com хабарлайды.

Ақпарат агенттігі Тихановскаяны Ресейдің ішкі істер министрлігінің іздеу базасына енгізу одақтас мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің техникалық аспектісі екенін жазады.

«Іздеу Беларусьте жарияланды, бірақ ол Ресейде де жүзеге асырылады, өйткені біз екі ел арасында жасалған тиісті келісім аясында мемлекетаралық іздеу туралы айтып отырмыз. Одақтас мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимыл аясында Тихановскаяны іздеу туралы ақпарат жалпы базада орналастырылады», - деді ақпарат көзі.

Айта кетерлігі, Беларусь оппозициясына қарсы қылмыстық іс Ресейдің құқық қорғау органдары тарапынан қозғалған жоқ.

Сондай-ақ, ақпарат агенттік дереккөздері Тихановскаяның халықаралық іздеуде емес деп жазады.

Ресей ІІМ деректер базасына сәйкес, 1982 жылы туған азаматша Светлана Георгиевна Тихановская «ҚК бабы бойынша іздестірілуде». Сонымен бірге, ІІМ Тихановскаяның қандай бап бойынша іздеу жарияланғанын нақтылаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары