$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2020, 09:44
Саясат

Әлиев пен Пашинян телеарна эфирінде Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады

Екі тарап Euronews арнасына берген эксклюзивті сұхбатында бірін-бірі айыптады

Әлиев пен Пашинян телеарна эфирінде Қарабақ бойынша мәлімдеме жасады
Фото: euronews

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде өз позицияларын Euronews арнасына берген эксклюзивті онлайн-сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Атысты тоқтатуға біржақты қол жеткізу мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Сонымен қатар, оны жергілікті жерлерде орындау керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, әскери позицияларымыз бен инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындар зардап шекті. Бізде армяндардың шабуылы салдарынан, нақты айтқанда, баллистикалық зымырандар мен кассета бомбаларының шабуылынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қайтыс болды. Соңғы үш айда Әзірбайжанға үш шабуыл жасалды», - деді Әлиев.

Пашинян бұл айыптауларды қабылдамады және өз кезегінде Әзірбайжанды Таулы Қарабақта «этникалық тазарту» жасамақ болды деп айыптады.

«Бүгінде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық қоғамдастық арасында Армения мен Қарабақтың бұл соғысты бастамағаны туралы жеткілікті ақпарат бар. Себебі, бізде шешуге тиісті әскери міндеттер жоқ. Біз шешуге тиіс міндет саяси сипатқа ие. Біздің мақсатымыз бір - армян халқын жаңа геноцидтен қорғау. Бұл өзін-өзі қорғау. Біздің ұстанымымыз бұрынғыдан өзгермейді: Қарабақ мәселесін зорлық-зомбылық арқылы шешу мүмкін емес. Зорлық-зомбылық арқылы ешқандай шешімге қол жеткізуге болмайды. Қарабақ проблемасын күшпен шешуге талпынып жатқан Әзірбайжан тарапы және олар шабуылға қызу дайындық үстінде», - деді армян премьер-министрі.

Серіктес жаңалықтары