05.10.2020, 17:23
Саясат
Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады
Бүгін Эмомали Рахмон 68 жасқа толды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды