28.09.2020, 21:29
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
Ол бабалар рухына тағзым етті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті», деп жазды ол.
Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Одан кейін «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды