28.09.2020, 12:28
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді
Тұңғыш президент шаһардың жаңа нысандарын аралайды
Архив. 2018 жыл.
ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.
Сапары барысында Елбасы қалада жаңадан салынған нысандарды аралап көреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи шешімі шежірелі шаһардың дамуына тың серпін берді. Сапар барысында қаланың бірқатар жаңа нысандарын аралау жоспарланып отыр», - деп жазды А. Үкібай.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Н.Назарбаев Түркістан облысына жасаған сапары барысында Өзбекстан Пюпрезиденті Шавкат Мирзиеевпен кездескен болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады