28.09.2020, 11:28
Жаңалықтар
Қазан айынан бастап бірқатар жолаушылар пойызының жиілігі артады
Алматы мен Шымкент қалалары арасындағы жолаушылар пойызының жиілігі артады
Фото: ашық дереккөзден
Қазан айынан бастап Қазақстанда жолаушы пойыздарының қатынасы жиілейді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жолаушылар тасымалы» келесі жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артқаны туралы хабарлайды:
- 1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап;
- 2) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап;
- 3) №31/32 «Алматы-2 – Павлодар» 2020 жылдың 11 қазанынан бастап Алматыдан, 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі;
- 4) №603/604 «Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық» 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап Арқалықтан күн сайын жөнелтіледі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады