Әзірбайжан Армениядан соң соғыс жағдайын енгізді

Екі ел арасындағы қақтығыс  27 қыркүйек күні таңертең басталды

Әзірбайжан Армениядан соң соғыс жағдайын енгізді

Әзірбайжан Парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты елдің бірқатар қалалары мен аудандарында соғыс жағдайын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі korrespondent.net-ке сілтеме жасай отырып.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев соғыс жағдайын енгізуді бекітті, коменданттық сағат елде дүйсенбіден бастап енгізілді. Бұл туралы президенттің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді.

«28 қыркүйекте сағат 00:00-ден бастап Әзірбайжан аумағында әскери жағдай жариялансын», - делінген Парламент бекіткен құжатта.

Екі ел арасындағы қақтығыстың шиеленісуі 27 қыркүйек күні таңертең болды. Тараптар бір-бірін айыптауда.

Айта кетерлігі, 1991 жылы басым бөлігін армяндар мекендеген Таулы Қарабақ Әзірбайжаннан тәуелсіздігін жариялады. Баку аймақты күшпен қайтаруға тырысты, салдарынан бірнеше рет соғыс болды. 

1994 жылы Әзірбайжан, Армения және танылмаған Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен бітімгершілік туралы хаттамаға қол қойды. 

Мерзімді түрде соғыс қимылдары қайта басталды. Осы жылдың шілдесінде Қарабақтан шамамен, 300 шақырым жерде армян-әзірбайжан шекарасында қақтығыстар болды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.