24.09.2020, 14:03
Саясат
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
Дональд Трамп дипломатиялық, сауда-экономикалық байланысты тоқтатпақ ниетте
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ билігі Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы Америка президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жаңа ережелер бойынша, АҚШ территориясына кубалық темекі мен алкоголь өнімдері тасымалданбайды. Сондай-ақ, енді Құрама Штат азаматтары Кубада өткізілетін қоғамдық шаралар мен конференцияларға қатыса алмайды және Куба үкіметіне тиесілі бірқатар қонақүйлерде тұра алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ 1961 жылы Кубамен дипломатиялық байланысты үзіп, сауда-экономикалық эмбарго енгізген. Барак Обаманың президенттігі кезінде елдер арасындағы қатынастар қалпына келе бастады. Алайда, Дональд Трамп санкцияларды қайта енгізе бастады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді