АҚШ Лукашенконы заңды түрде сайланған президент деп танудан бас тартты
Сонымен қатар Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша бұл тізімге қосылды
Америка Құрама Штаттары Александр Лукашенконы Беларуссияның заңды түрде сайланған президенті ретінде мойындамайды. Бұл туралы Мемлекеттік департамент өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
«9 тамыздағы сайлау еркін де, әділ де болған жоқ. Жарияланған нәтижелер жалған және заңдылықты көрсетпеді. Америка Құрама Штаттары Александр Лукашенконы елдің заңды түрде сайланған көшбасшысы деп санай алмайды», - деді сұхбаттасушы.
Лукашенконы сонымен қатар Германия, Словакия, Литва, Латвия, Эстония, Канада және Польша Үкімет басшысы ретінде танудан бас тартты.
Еске сала кетейік, Беларуссияда 9 тамызда президенттік сайлау өтті, онда ОСК мәліметтері бойынша Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті. Оппозиция Лукашенко емес, Светлана Тихоновская сайлауда жеңді деп санайды. Бір айдан астам уақыт бойы бүкіл Беларуссияда жаппай наразылықтар болды.