$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 14:33
Саясат

Мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту жаңадан құрылған ведомстволарға әсер ете ме?

Бұл сұраққа агенттік төрағасы жауап берді

Мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту жаңадан құрылған ведомстволарға әсер ете ме?
Фото: zakon.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Президенттің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін қысқарту туралы тапсырмасы жаңадан құрылған үш ведомство жұмысына қаншалықты әсер ететінін айтты.

«ІІМ жанындағы ТЖ комитеті бар, ол дербес ведомствоға айналады. Бұл ретте қосымша бюджет қаражаты немесе штат бірлігі бөлінбейді. Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар мен Бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен де солай. Жұмыстарды қазіргі мемлекеттік органдардың функциялары мен штат бірліктерін беру есебінен жүргізу жоспарланған. Яғни, сол бюджет, функциялар мен штат», - деді агенттік басшысы ОСК-да брифингте.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын 10%-ға, келер жылы 15%-ға қысқартуды тапсырды.

Сондай-ақ жақында Қазақстанда жақында екі агенттік пен жаңа министрлік құрылды.

Серіктес жаңалықтары