Шенеуніктердің санын тездетіп қысқарту керек – Тоқаев

Президент биыл мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын 10%-ға, келер жылы 15%-ға қысқартуды тапсырды

Шенеуніктердің санын тездетіп қысқарту керек – Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторда бюджетке салмақ салып отырған қызметкерлердің санын тездетіп қысқарту керек деген тапсырма берді.

«Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлер санын қысқарту мерзімін тездетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10%, келесі жылы тағы 15% қысқарту керек. Осылайша, біз шенеуніктердің санын 25%-ға қысқарту керек деген міндетті 2021 жылы орындап қоямыз», - деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев цифрландыру мен онлайн жұмысқа ауысу үдерісіне қарай, олардың санын одан сайын қысқарту туралы тағы да қосымша шаралар қабылданатынын ескертті.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.