$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2020, 12:29
Саясат

Парамен ұсталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметке келе алмайтын қағида керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізуді тапсырды

Парамен ұсталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметке келе алмайтын қағида керек – Тоқаев
Фото: Батыржан Беспаев

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандар үшін Қылмыстық кодекстегі жазаны қатайту туралы өзгеріс енгізуді тапсырды.

«Мемлекеттік қызметші мен квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда, олар қызметінен босатылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлер, парақорлыққа делдал болғандар - сыбайлас жемқорлық жасағандар үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу қажет. Жемқорлық үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталғандар мен мемлекеттік, квазимемлекеттік саладағы қызметке келуіне өмір бойы тыйым салатын қағида орнату керек», - деп мәлім етті Тоқаев.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Мемлекет басшысы жемқорлықпен сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды тапсырды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан  

Серіктес жаңалықтары