Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресу үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге бөледі

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жолдау жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті

Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресу үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге бөледі
Фото: 24kz

Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге жұмсайды. Бұл пандемиямен күресу үшін жасалатын кешенді бағдарлама аясында бөлінетін қаражат, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.      

«Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша,  пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша  жұмылдырып жұмыс істейміз. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек.

Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салада экономиканы қолдау үшін ұлттық қордан 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінуде.

Жалпы, осы бағытта 2023 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу  жоспарланып отыр. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде жеңеміз», - деп мәлім етті Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жария ете отырып.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.