Жапония үкіметі отставкаға кетті
Негізгі лауазымдардың көпшілігі Синдзо Абэ үкіметінің құрамына кіретін министрлерде қалуы мүмкін
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Жапония үкіметі басшысының кеңсесі хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.
Негізгі лауазымдардың көпшілігі Синдзо Абэ үкіметінің құрамына кіретін министрлерде қалуы мұмкін, дегенмен кейбір өзгерістер болуы мүмкін.
Либерал-демократиялық партияның жаңа жетекшісі Есихидэ Суга сәрсенбіде Жапонияның премьер-министрі қызметіне кіріседі.
Парламент Суганы ресми түрде күннің екінші жартысында өтетін кезектен тыс сессияда премьер-министр етіп сайлауы мүмкін. Осыдан кейін ол жаңа министрлер кабинетін құрады.
Синдзо Абэ 28 тамызда күтпеген жерден созылмалы ауруының өршуіне байланысты қызметінен кететінін айтты.