$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2020, 05:54
Саясат

Еуроодақ Навальныйдың улануына байланысты Ресейге санкция салуы мүмкін

Бұл мәселе қарастырылып жатыр

Еуроодақ Навальныйдың улануына байланысты Ресейге санкция салуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Еуроодақта «Навальныйдың санкциялық режимі» қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еуропа дипломатия басшысы Жозеп Баррель мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Еуроодақ сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар Еуроодақ адам құқығының бұзылуына байланысты салынатын санкциялардың жаһандық механизмін Навальныйдың атымен атауы мүмкін. Бұл механизм 2019 жылдың аяғынан бастап қарастырылып жатыр.

«Навальныйдың жағдайы Еуроодақ мүшелеріне адам құқығын бұзатын жағдайда салынатын санкция режимін мақұлдауға әсер етеді деп ойлаймын. Америкадағы Магнитский актісі сияқты, біз де Навальный режимін енгізе аламыз», - деді Жозеп Баррель.

Еуроодақ Ресей билігін Алексей Навальныйдың жағдайын ашық тергеуге шақырды. Олар бұдан бас тартуды бұл оқиғаға Ресей билігінің қатысы барының дәлелі ретінде қабылдамақ.

Серіктес жаңалықтары