27.08.2020, 17:32
Саясат
Назарбаев пен Тоқаев дағдарыстан кейінгі даму мәселесін талқылады
Ертең «Nur Otan» партиясы cаяси кеңесі бюросының отырысы өтеді
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу өткізді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға Twitter желісінде жазды.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы саяси кеңесі бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды. Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде еліміздің одан ары дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады», - деп жазды Айдос Үкібай.
«Nur Otan» партиясы cаяси кеңесі бюросының отырысы 28 тамызда өтеді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
