$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2020, 11:49
Саясат

Трамптың қызметкері қоластындағы адамдарды қазақтың қамшысымен қорқытқан

Ол Лоурелге Қазақстаннан барған делегация өкілдерінен сыйға тартылған қамшы

Трамптың қызметкері қоластындағы адамдарды қазақтың қамшысымен қорқытқан
Коллаж: Жанар Жұмабекова

АҚШ Президенті Дональд Трамп Протоколының бұрынғы бастығы Шон Лоурелдің үстінен Мемлекеттік департамент қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Әріптестерінің шағымы негізінде осы жылдың мамырында жасалған есепте ол қоластындағыларға дөрекілік танытып, ұрсып, тіпті, Қазақстаннан келген қамшымен қорқытқаны жазылған. Бұл жөнінде The Washington Post хабарлады.

Шон Лоулер туралы есепте ресми тұлғалардың арасында қарғыс айтылып, айғай-шу көп болғаны, артық мөлшерде алкоголь ішу, қорқыту фактілері кездескені жазылады.  Ал Президент протоколының қазіргі басшысы Кем Хендерсон мен орынбасары Мэри-Кейт Фишер бұны жасырып келген.

«Лоулер мырза шартпа-шұрт мінезді еді, қағаздар мен папкаларды жиі лақтыратын. Бірнеше қызметкер оның қамшы сілтегенін, сол әрекеті оларды физикалық жарақаттан қауіптенуге мәжбүрлегенін хабарлады», - делінген  Лоулердің 2017-2019 жылдары қызметте болғандағы әрекеттері туралы.

Басылым аттың қамшысын Лоурелге Қазақстаннан барған делегация өкілдері сыйға тартылғанын жазады.

«Қызметкерден осы қамшыға байланысты Хендерсон ханымға шағым түсті. Содан кейін ол қамшыны өз кеңсесінде сақтауға алып кетіп, Лоулерге оны ешқандай жағдайда өзімен бірге алып жүруге болмайтынын ескертті», - делінген есепте.

Қоғам Лоурелдің әрекеттері туралы протокол қызметі арқылы 2019 жылдың маусымында ол жұмыстан шығып кеткеннен кейін ғана білген. Алайда Лоурел өзіне артылған кінәні мойындамай, «өте күлкілі және шындыққа жанаспайды» деп отыр. Мемлекеттік департамент өкілі кадрлық мәселелер жөніндегі қызметтік құжаттың баспасөз қолына түскеніне ашуланып, ішінде жөнсіз айыптаулар бар екенін жеткізген.

Айта кетейік, АҚШ-та шетелден келген шенді қонақты қабылдағанда  Мемлекеттік департамент әр қадамды жоспарлап, меймандардың жайғасатын орны мен ас мәзіріне дейін қадағалайды. Ал протокол басшылары өзін ұстау ережелерін бақылап, тиімді келісім жасау мақсатында келген тараптың да дәстүрлерінің сақталуына мән береді.

Серіктес жаңалықтары