Лукашенко оппозицияға дауыстарды қайта санауды ұсынғанын айтты
Оның айтуынша, оппозиция бұған келіспеген
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко оппозицияға президент сайлауындағы дауыстарды қайта санауды ұсынғанын, бірақ олар келіспей, қайтадан сайлау өткізуді қалайтындарын айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Александр Лукашенконың айтуынша, Беларусь Республикасында президент сайлауын енді жаңа Конституция қабылданғаннан кейін ғана өткізуге болады. Ол бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол өзінің кейбір өкілеттігінен бас тарта алатынын, бірақ бұл қысым көрсетілмеген жағдайда ғана мүмкін екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 9 тамызда Беларусь Республикасында президент сайлауы болып, Александр Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинады. Ал оппозиция бұл нәтижемен келіспеді. Соңғы бір аптада республикада наразылық акциялары өтіп жатыр. Митингтердің алғашқы күні 6,7 мыңнан астам адам қамауға алынып, жүздеген адам зардап шекті.