Тыныштық күні келе жатыр: Бас прокуратура сайлау заңнамасын бұзған 13 тұлғаны анықтады
Жалпы, сайлау заңнамасын бұзуға қатысты 13 факт тіркелген
Осы жексенбі, 29 қараша күні Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді. Ертең, 28 қараша Қазақстанда тыныштық күні. Осыған байланысты Қазақстанның Бас прокуратурасы қазақстандықтарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, Конституцияға сай, прокуратура сайлау алды науқанды қатаң бақылаған.
«Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасы бұзылған 13 фактіні анықтады. Оның ішінде 7 факт – үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізуге байланысты», - деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов.
Прокуратура мәлімдегендей, 13 адамның бәрі заңға сай жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты прокуратура тыныштық күні келе жатқанын ескертіп, үндеу жасады.
«Сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2026 жылғы 28 қарашада, сағат 00:00-де аяқталады. Конституциялық заңның 32-бабына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күні, яғни 2026 жылғы 28 және 29 қарашада кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады», - деп ескертеді Бас прокуратура.
