Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті

Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістаннан келген жас таланттар қатысты

Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Фото: Ақорда

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді.

✔️Қазақстан Президенті халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанған жасөспірімдерді осынау бірегей форумға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.

✔️Оның айтуынша, бұл – өз қарым-қабілетіңді әлемге, соның ішінде мемлекеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.

«Аға буынның парызы – талантты жастардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңызы бар міндет. Біз сіздердің ешқандай қиындықсыз лайықты білім алып, осы күрделі әлемде мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуіне және қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.