«Өзіміздікі», «Өзіміздікі емес»: Тоқаев енді билік жемқорлық туралы жасырмай, халыққа ашық көрсететінін мәлімдеді
Президент олардың бәрін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жедел әрі жіті тексереді деді
Бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасап, бұдан былай жемқорлыққа қарсы істер жедел әрі жіті тексерілетінін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Яки, Тоқаев «енді билік жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отыратынын ерекше атап өтті.
«Тек соңғы үш жылдың ішінде, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында 3 168 сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 2 165 құқық бұзушылықты мемлекеттік қызметшілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айтқанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы – 248,2 миллиард доллардан асады», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, осы жылдың он айы ішінде 751 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасалған, соның 546-сын – мемлекеттік қызметшілер, ал 205-ін өзге де тұлғалар жасаған, соның ішінде квазимемлекеттік сектор қызметшілері де бар.
«Осы статистикадан көріп отырғанымыздай, еліміздегі сыбайлас жемқорлық ахуалы күрделі болып тұр. Бірақ біз ешнәрсені де жасырмаймыз, басын құмға тыққан страустың кейпіне түспейміз. Біз осы саладағы мәселенің бәрін ашық айтамыз, жемқорлықты жою үшін қабылданған және қабылданатын шаралар туралы да ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз. Сол себепті түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқық бұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексереді», - деді президент.
Тоқаев бұдан былай жемқорлық фактілерін тергеуде «өзіміздікі» де, «өзгенікі» де, тіпті «бөтен» адам да болмайды.
«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек», - деді Тоқаев.
