Бельгия королі пен патшайымы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Оларды Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған
Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда 11–14 қазан аралығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылайды.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп және патшайым Матильда «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысады. Бұдан бөлек, бірқатар басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Мемлекеттік сапардың қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтіліп отыр.