$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 16:17
Саясат

Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс сотқа берілді

Қуанышбек Ысқақов ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс сотқа берілді
Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада 4 шенеунік ұсталып, 60-тан астам сотқа дейінгі тергеу тіркелген. Сондай-ақ, Қызылорда облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық іс аяқталды. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының экс-әкіміне және облыс әкімдігінің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізгені белгілі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, №2 Қызылорда қалалық сотына берілді», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған қатысты «үйде қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішті қанағаттандырды.

Серіктес жаңалықтары