$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.08.2020, 13:53
Саясат

Беларусьтегі президент сайлауына Қазақстаннан 5 бақылаушы барады

Қазақстандағы Сенат сайлауына 5 бақылаушы келеді

Беларусьтегі президент сайлауына Қазақстаннан 5 бақылаушы барады
Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының жиналысында 9 тамызда өтетін Беларусь Республикасы президентінің сайлауына Қазақстаннан жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту мәселесі қаралды. Комиссия қаулысымен Қазақстаннан 5 бақылаушының кандидатурасы бекітілді, олар 9 тамызда өтетін Беларусь еліндегі сайлауды бағамдайтын болады.

Сондай-ақ отырыста 12 тамызға жоспарланған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу мәселесі де талқыланды.

Ол бойынша Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасады.

«Сайлау заңнамасына сәйкес, 6 тамызда сағат 18.00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. Осылайша, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны аясында Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы ұсынысы бойынша ҚР ОСК Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушыны аккредиттеді: Әзербайжан елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінен бір-бір өкілден аккредиттелді», - делінген хабарламада.

Жиналысқа қатысқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде байқай алатынын айтты.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары